ОРАЛ. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні кешкісін Бөрлі ауданы Приурал ауылында 2003 жылғы қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, асылып қалған марқұмның денесі өз үйінен табылған.
Қазіргі кезде бұл оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осымен төртінші жасөспірім өз өмірін қиып отыр. Оған қоса тағы төртеуі сондай әрекет жасаған. Бұдан бұрын облыста 2014 жылы 8, 2015 жылы 11, 2016 жылы 13 кәмелетке толмаған бала өзіне-өзі қол жұмсаған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).