ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, тағы екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 19 желтоқсан күні ауданы орталығы Шыңғырлау ауылынан 25 шақырым жердегі Жаңакүш су қоймасынан 1955 және 1953 жылғы екі адамның денесі табылған. Олар «Ауди-80» автокөлігімен балық аулауға барып, мұз ойылып, суға кеткен.
Осылайша, он күннің ішінде мұздағы қауіпсіздікті сақтамау салдарынан төрт адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 9 желтоқсан күні Зеленов ауданы Өркен ауылынан 8 шақырым жердегі Көшім арнасынан 1949 және 1953 жылғы екі адамның денесі шығарылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).