ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін өңірге келген 123 шетелдік азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заң бұзушылардың көпшілігі ішкі істер органдарында тіркелмеген немесе көші-қон картасында көрсетілген мекенжайда тұрмаған.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 517-бабын бұзғаны үшін 3 азамат қамау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылса, 76-сы елден шығарылды. 44 адамға 1 487,065 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соның 1 146,728 мың теңгесі ерікті түрде төленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).