БҚО-да тоғыз айда 1198,0 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

None
ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 1198,0 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 98,9 пайыз.

Өңірде кен өндіру саласындағы өнім көлемі 1069,5 млрд. теңгені құрап, газ конденсатын өндірудің 5,1, табиғи газдың 2,1 пайызға азаюы есебінен өткен жылғыдан 3 пайызға кеміді. Есесіне өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 30,6 пайызға көбейіп, 102,7 млрд. теңгеге жетті. Әсіресе, мұнай өнімдерін өндіру - 1,8, резеңке және пластмасса бұйымдары - 1,7, металлургия - 1,3, жиһаз жасау 1,2 есеге өсті.