ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында төрт адам табиғи газдан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09.04-те Бәйтерек ауданы Дариян ауылында Пушкин көшесі 11/а-мекенжайында орын алды.
Тұрғын үйде газдан уланған 1990 жылғы әйел адам, 2011 және 2012 жылғы екі қыз, 2016 жылғы ер бала медициналық мекемеге жеткізілді.
«Дәрігер қарағаннан кейін олардың үшеуі үйлеріне жіберілді. 2012 жылғы қыз бала дәрігердің бақылауында. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан үш бірдей жасөспірімнің зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).