БҚО-да той жасаған ауыл әкімі қызметінен босатылады
Жиын барысында өңір басшысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің той өткізгені туралы ақпаратқа байланысты қандай шара алынғандығын
сұрады.
Бұған жауап берген облыс әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізілгенін жеткізді.
«Тәтжан Өтемісов 9 қарашаға дейін еңбек демалысында.
Содан кейін ауылдық округ әкімі ретіндегі қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысынан босатылады. Сонымен қатар оған шектеу шараларын бұзғаны үшін әкімшілік
хаттама толтырылып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», деді Б.Батаев.
Ғ.Есқалиев той, садақа сияқты көпшілік іс-шаралардың әлі де тыйылмай отырғандығын, мұның індеттің өрши түсуіне әсер етуі мүмкін екендігін, сондықтан онымен көп болып күресу
қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда облыс әкімі
мониторингтік топтардың жұмысын ширатуды тапсырды.
Сондай-ақ той болып жатқаны жөнінде хабарлаған тұрғындарға расталған жағдайда сыйақы беру жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамастан ұлының үйлену тойын өткізгенін жазған болатынбыз.