ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша өңірдің кей жерлерінде ертең тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
Орал қаласында тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау шаралар қолға алынғанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).