Батыс Қазақстанда тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті ме, бағасы қандай

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 5,3 млрд теңге бөлінді.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевтың мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына 172 млн теңгеге 499,7 тонна азық-түлік және 47 млн теңгеге 1 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынды.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар «айналым схемасы» тетігі бойынша 2,5 млрд теңгеге 8,8 мың тонна тауарға, форвардтық қаржыландыру аясында 1,0 млрд теңгеге 7,3 мың тонна өнімге келісім-шарт жасалды.

«Аудандарды қаржыландыру аясында «айналым схемасы» тетігі бойынша 145 млн теңгеге 506 тонна тауарға келісім-шарт жасалды», дейді Н.Өтепбаев.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллиннің нақтылауынша, қазіргі таңда 17,2 мың тонна («айналым схемасы» – 8,8 мың тонна, форвардтық келісім-шарт – 7,3 мың тонна, тұрақтандыру қоры – 0,6 мың тонна, аудандар – 0,5 мың тонна) азық-түлік тауарлары және 3,85 млрд теңгеге 6 млн дана жұмыртқа («айналым схемасы» – 2,5 млрд теңге, форвардтық келісім-шарт – 1 млрд теңге, тұрақтандыру қоры – 0,2 млрд теңге, аудандар – 0,15 млрд теңге) қоры бар.

«Соның ішінде маусымаралық кезеңге (2024 жылғы наурыз – 2025 жылғы наурыз) 1,75 млрд теңгеге 3 960 тонна тауар (1 сұрыпты ұн, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, қант, сүт, макарон), 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуіріне дейінгі мерзімге 1,48 млрд теңгеге 12 237 тонна тауар (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) және 257,5 млн теңгеге 5 млн дана жұмыртқа қоры жасақталған. Сондай-ақ тұрақтандыру қорына 173 млн теңгеге 508 тонна тауар (күріш, қарақұмық, қант, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және 47 млн теңгеге 1 млн дана жұмыртқа сатып алынған. Оған қоса «айналым схемасы» бойынша 145 млн теңгенің 506 тоннасын аудандардың сауда нүктелері қаржыландырған», дейді Ж.Халиуллин.

Басқарма басшысының айтуынша, арзандатылған өнімді жеткізуге барлық ірі сауда желілерімен («Алтындар», «Пешеходъ», «Лидер», «Манго», «Вега», «Анвар», «Социальный», «Аяжан», «Суровский») келісім жасалған.

Жергілікті тауар өндірушілермен мынадай өнімдерге келісімге қол жеткізілді: картоп - 5 365 тонна, сәбіз - 967 тонна, пияз - 2 786 тонна, қырыққабат - 800 тонна, 1 сұрыпты нан - 167 тонна, рожки - 200 тонна, күнбағыс майы - 300 тонна, 1 санатты жұмыртқа - 3,8 млн. дана, сүт - 800 тонна.

Басқа облыстардың жеткізушілерімен өңірге 350 тонна күріш, 60 тонна қарақұмық, 1 891 тонна қант, 1 300 тонна картоп, 1 700 тонна пияз, 1 мың тонна сәбіз, 1 мың тонна қырыққабат әкелінбекші.

Енді бағаға келсек:

Атауы

Сату бағасы

Орал қаласындағы баға(+10%)

Аудандардағы баға (+15%)

1

Күнбағыс майы «Белес»

525

577

603

2

Рожки

250

275

287

3

Күріш

290

319

333

4

Картоп

135

149

-

5

Сүт майлығы 2,5%

260

286

299

6

Қант

350

385

402

7

Пияз

100

110

-

8

Сәбіз

150

165

-

9

Қырыққабат

100

110

-

Күні бүгінге «Ажгереева» ЖК-мен көкөніс өнімдерін (100 тонна картоп, 60 тонна пияз, 10 тонна сәбіз) жеткізуге келісім жасалған.

Облыстың барлық сауда желілеріне көкөніс өнімдерін мынадай бағамен жеткізуге тауарлық интервенция жасалуда:

Атауы

Сату бағасы

Орал қаласындағы бағасы (+10%)

1

Картоп

135

149

2

Пияз

100

110

3

Сәбіз

150

165

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 2,7 млрд теңге бөлініп отырғанын жазған болатынбыз.