ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 6 шілдеде түнгі сағат 01.00-де Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 1961 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 1991 жылы туған ер адам газбен уланған. Ол ес-түссіз күйінде Зеленов аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
«Ер адам дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегі арқасында аман қалды. Қазір жағдайы жақсарды, үйге шығаруға дайындап жатыр», - деді А.Сақпосынова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).