ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйде өрт болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде сағат 01.27-де Теректі ауданы Покатилов ауылында орын алды.
Абай көшесіндегі тұрғын үйде болған өрт аумағы 48 шаршы метрді қамтыды.
Оқиға орнынан 1975 жылғы әйелдің мүрдесі табылды.
Өрт сөндіруге 4 адам 1 техникамен барды. «Тілсіз жау» сағат 02.42-де құрықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, үйдің иесі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда пішеннің өртенуі жиілеп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).