ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қарашада тұтыну қоржыны 14344 теңгені құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 8607 теңге азық-түлік тауарларына қатысты болса, 5737 теңге азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге байланысты.
Өткен айдағы тұтыну қоржыны биылғы қазанмен салыстырғанда, 10,7 пайызға төмендесе, 2010 жылғы қарашаға қарағанда, 13 пайызға өсті.
Облыс бойынша ең жоғары тұтыну қоржыны Қаратөбе ауданында 15205 теңге болса, ең төменгісі Бөрліде - 13773 теңге, Орал қаласында - 14053 теңге.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).