ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 1,6 млрд. теңге болатын үш жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке сәйкес, бұл ретте 204 жұмыс орны ашылмақ.
Өңірдің аграрлық секторында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласы өнімдері көлемінің өсуін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Өсімдік шаруашылығының негізгі басымдықтары дәнді және майлы дақылдар өнімін, суармалы жерлерде көкөніс және картоп өндіру болып, мал шаруашылығында ет, сүт, жұмыртқа, мал азығы дақылдарын өндіру болып белгіленді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы шаралар, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық-несиелік саясаты, оның инфрақұрылымының тиімділігін арттыру ісі де жалғасын таппақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).