Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласының прокуратурасы жеке құрылыс салушылардың қызметін талдау барысында бірыңғай оператормен шарт жасаспай үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан 24 құрылыс салушыны анықтады, деп хабарлайды Kazinform .
"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (қалғандары қаралу сатысында). Олардың ішінде, «Строй Техно Групп», «СВС Батыс», «АТМ Group Kazakhstan», «Бизнес План», «Сапар Строй Азия», «КМТ-Сити Строй», «Alim Construction LTD», «АТЖ2» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар", - деп жазды бақылаушы органнан.
Ақпаратта айтылғандай, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.