ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында үш автокөлік түйісіп, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін таңменсағат 09.00 шамасында Бәйтерек ауданы Трекин ауылымаңында орын алды.
Облыстық денсаулықсақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жолапаты салдарынан жарақат алған бес адамның екеуі амбулаторлық емдеугежіберілді.
«Үшадам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Соның ішінде кішкентай бала ауруханағажатқызылды. Қалған екі адамды дәрігерлер қарап жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісінеГ.Әбдірахманова.
Қазіргікезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).