ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО-да бір ауылдың үш қызы суға батып кетті.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 11 шілде күні Ақжайық ауданы Мерген ауылы маңында болған.
«Сол күні Жайық өзені жағасынан шомылуға тыйым салынған жерден белгісіз жағдайда жоғалып кеткен үш жасөспірімнің заттары (велосипед, киімдері) табылды. БҚО ТЖ департаменті құтқарушыларының күшімен 2010 және 2011 жылғы қыздардың денесі судан шығарылды. Жасөспірімдерді іздеуге ТЖ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар есебінен 70 адам, 20 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Олардың екеуінің денесі сол күні, үшіншісі 12 шілде күні судан табылды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қыздар бір сыныпта оқыған. 14 шілде күні үшінші қыз жерленді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір жасөспірімнің суға кеткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).