ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-да үш жасар қызға қол жұмсаған әйел тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 2016 жылғы қыз бала Қазталов ауданынан облыстық ауруханаға 14 қаңтар күні түскен.
«Қазір оның жағдайы ауыр, тұрақты. Нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда», деді А.Сақпосынова.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.
1985 жылғы әйел қыз балаға дене жарақаттарын салған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).