БҚО-да WhatsApp арқылы 15 адамды алдаған үш алаяқ сотталды

ОРАЛ. KAZINFORM - 2025 жылдың шілде айында Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қаражатын жымқырумен айналысқан алаяқтық тобын сотқа берді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысытық сотының баспасөз қызметі.

Фото: Polisia.kz

Алаяқтар Қазақстан азаматтарымен хат алмасып, өздерін туысқан ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақша аудартқан.

Алаяқтық схемаға дроппер белсенді қатысты, оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты шығарылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың интернет-алаяқтықтың 15 эпизодына қатыстылығы анықталды.

Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу облысы мен Алматы қаласының тұрғындары бар.

-Сот үш алаяқтың барлығын кінәлі деп таныды. Биылғы маусымда олардың екеуі 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал біреуі 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қостанай облысында Sim-Box арқылы алаяқтарға көмектескен жігіттің сотталғаны туралы жаздық.