Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақсай қаласының 19 жастағы тұрғыны Александр Александров болып шықты.
Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Заңсыз жазу жойылды.
-Осы ретте полиция заңсыз жазулар мен граффити салу жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заң мен тәртіп» қағидаты — баршаға ортақ,-делінген хабарламада.
18:00, 29 Қыркүйек 2026
БҚО-да заңсыз граффити салған жігіт 5 тәулікке қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – Жедел бақылау орталығы ның камераларын зерделеу кезінде Ақсай қаласындағы ғимараттардың бірінің қоршауына жас жігіттің заңсыз жазу жазып тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.