БҚО-да заңсыз микрокаржылық ұйым 4 жыл бойы жасырын жұмыс істеген

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты «Аванс 07» ЖШС-нің басшысына қатысты тиісті лицензиясыз заңсыз микрокаржылық қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша үкім шығарды.

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеуді Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

Сот қарауы барысында 2021–2025 жылдар аралығында азаматтарға ақша беру қызметі «Uralsk zoloto» комиссиондық дүкені атын жамылып жүргізілгені анықталды.

Заңсыз қызметті жасыру мақсатында комиссия және зергерлік бұйымдарды сақтау шарттары рәсімделген, алайда іс жүзінде азаматтарға уәкілетті органның лицензиясынсыз пайызбен қарыз берілген.

Заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 155 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында Департамент қызметкерлері 2000-нан астам келісімшарт, электрондық тасымалдағыштар, құжаттар және ақша қаражаттары тәркіленді.

-Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 214-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 479 600 теңге көлемінде айыппұл салынды,-делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Осыған дейін БҚО-да ұялы байланыс операторларына 25 млн астам теңге айыппұл салынғаны туралы жаздық.