БҚО-да заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық азаматқа айыппұл салынды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM — Сырым аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес Өзбекстанның 10 азаматына қатысты 10 іс қаралды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өзбекстандық азаматтардың 2025 жылдың наурыз айында Бұлдырты ауылдық округінде құрылыста заңсыз, тиісті рұқсат алмастан жұмыс істегені анықталды. 

Сотта құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.

- Сот қаулыларымен аталған он азамат кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулылар занды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жолды күтіп ұстамаған мекеме басшысына айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.