Эксперт өз қорытындысында марқұмның денесінде зақымданулар жоқ екенін және мәйіттің шіріп кетуі себепті өлім себебін анықтау мүмкін еместігін көрсеткен.
Алайда кейін, денені эксгумациялағаннан кейін, Астана мамандары жүргізген комиссиялық сот-медициналық сараптама кезінде өмірінде болған көптеген дене зақымданулары, оның ішінде қабырға мен тіл асты сүйегінің сынуы анықталды.
Айыпталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы оның қылмысқа қатыстылығын растайтын дәлелдер ұсынды.
Сот бастапқы сараптама қорытындысының нақты деректерге сәйкес келмейтінін және тергеу органдарын адастырғанын анықтады.
М. Жонысов ҚР ҚК-нің 420-бабының 1-бөлігі бойынша — «Эксперттің әдейі жалған қорытындысы» — кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Алматыда бюджет қаражатын жымқырған жеке сот орындаушысы сотталды.