Бензинді бөлшек саудада өткізушілер - «Азов» ЖШС, «Октан» ЖШС, «Орал-ЖанОйл» ЖШС, «Мунай Пром» ЖШС, «Нефтек Оперейтинг» ЖШС, «Москвичи» ЖШС, «Уральск АЗС Сервис» ЖШС және «Орал Терминал» ЖШС-ларына қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру аяқталған.
Тергеп-тексеру барысында, аталған нарық субъектілерінде іс жүзінде бір мезгілде 4 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейін, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көтерілгені анықталды.
Барлық нарық субъектілеріне тең әсер ететін жағдайлардың әсері болған жоқ, өйткені 2015 жылғы 4 қыркүйекте «ескі» бағамен сатылып алынған бензиннің жеткілікті көлемде қоры бола тұрып, бензиннің жеткізілген жаңа көлемдері бағалардың тиісті өзгеруі деңгейіне дейін құнын өсірілген. Бұл іс-әрекеттер монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келісілген іс-әрекет деп танылды.
Аталған нарық субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ЖЖМ-ды өткізушілерге жалпы сомасы 3,5 млн теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.