ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жарты тоннаға жуық балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Чапаев ауылы маңында Орал-Атырау күре жолында болды.
«Бекіре» жедел алдын алу шарасы барысында 1986 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылды.
Тексеріс барысында жүргізушінің тиісті құжатсыз табан балықты алып келе жатқаны анықталды. Полицейлер тәркілеген 480 кг балық «Каспий Урал» ЖШС-ына сақтауға жіберілді.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ағайынды жігіттердің ұзақ уақыт бойы құжатсыз жүргенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).