БҚО-да «Жас полиция» байқауы мәреге жетті
Шараны БҚО білім басқармасы, ішкі істер департаменті және «Өркен» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Орталық директоры Айболат Қожанғалиевтің айтуынша, байқауға Орал қаласы мен аудандардағы орта мектептерден 8-11 сынып оқушыларынан құралған «Жас полиция» топтары қатынасты. Әр топ жыл бойы атқарған жұмыстарын ұсынса, топ жетекшілері әр түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырды. ҚР Заңнамалары бойынша тестілерге жауап беріп, құқық білімпаздары екендіктерін дәлелдеді. Саптық даярлық, үгіт топтары байқауларында барлық топтар өздерін жақсы жағынан көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының «Сарбаз» тобы жеңімпаз атанды. Ақжайық ауданының «Жас қыран» және Жәнібектің «Қыран» тобы екінші, жаңақалалық «Жас Ұлан» тобы, теректілік «Жас Шаған ұландары» және Орал қаласындағы №44 орта мектептен келген «Қыран» тобы үшінші орынды бөлісті.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге білім басқармасының және ішкі істер департаментінің дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.