Оқиға 4 қазан күні Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.
«Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы болды. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді»,-делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.