БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 133-бабы 1-бөлігіне сәйкес азаматша А-ға қатысты әкімшілік іске нүкте қойылды.
Іс құжаттарына сәйкес А. кәмелетке толмаған балаға темекі сатқан.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен дәлелденді. Сондай-ақ оның өзі де кінәсін мойындады.
Сот қаулысымен аталған әйелге 15 АЕК көлемінде 36075 теңге айыппұл салынды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 37-бабы 4-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған балаларға темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады. Оны бұзған сатушыға немесе сауда мекемесінің иесіне айыппұл салынады.
20:09, 30 Маусым 2018
БҚО-да жасөспірімге темекі сатқан әйелге айыппұл салынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жасөспірімге темекі сатқан әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.