ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде мәлімет тарады.
Онда марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да бұрынғы шенеуніктің 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланды.
Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті екі айға қамауға алынған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).