ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі экскаватормен түйісіп, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 маусым күні сағат 18.15-те Орал-Тасқала жолының 26-шақырымында болды.
«УАЗ» (жедел жәрдем) көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп алда 1973 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан трактор - экскаватормен соқтығысуға жол берген.
Жол апаты салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1966 және 1981 жылғы әйел адамдар Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан кейін 4 адамның жансақтау бөліміне түскенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).