ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22-23 наурыз күндері өңірдің кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, тұман түсіп, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болуы да ықтимал. Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, осындай ауа райы орын алмақ.
Күн бүгін де бұзылып, жауын бүркіп, көктайғақ болғалы тұр.
Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында қауіпсіздік шаралары алынуда.
Еске сала кетейік, кеше көктайғаққа байланысты Орал-Атырау, одан кейін Жымпиты-Ақтөбе бағытындағы тас жолдар жабылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).