ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 22-23 қазанда Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетпек.
Сонымен қатар 22 қазаннан 23-іне қараған түні қар аралас жаңбыр жауады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге ескерту жариялады. Төтенше жағдайлардың алдын алу үішн күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).