АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 11-12 наурыз күндері кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ, қалың тұман түсіп, көктайғақ болады.
Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
"Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар жасалуда", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қар тез еріп, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, ағын сулар көбейетіні жөнінде жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).