ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында желдің күшейетіні жөнінде тағы да ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірдің кей жерлерінде 7 маусым күні батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетпек.
Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді.
Бүгін де сондай жел тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, осыған байланысты облыста қауіпсіздік шаралары қолға алынуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).