ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жеңіл авотокөлік пен автобус түйісіп, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 29 қыркүйек күні түс ауа Орал-Атырау күре жолы бойында, Ақжайық ауданы аумағында болды.
Куә болғандардың айтуынша, «Мерседес» көлігі мен Атырауға жеткізілмек болған жаңа автобус соқтығысқан. Сондықтан онда жолаушылар болмаған.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан «Мерседестің» жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды, жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде», - деді ІІД-ден.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).