ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға сағат 13.55 шамасында болған. Орал-Саратов жолының 18-шақырымында Зеленов ауданы Белес ауылы тұсында «КамАЗ» бен «ВАЗ 2114» автокөліктері соқтығысқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жеңіл көлік «КамАЗ»-дың астына кіріп кеткен. Соның салдарынан екі жас жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).