БҚО-да жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адам көз жұмды

Фото: Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы аумағында Ақтөбе-Орал тас жолында адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 22 наурыз күні шамамен сағат 06.15-те Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы тұсында болды.

— Жүргізуші Opel Zafira автокөлігімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп Van Hool автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Zafira автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанға ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазған болатынбыз.