БҚО-да жеңіл көлік пен автобустың түйісуі: үшінші адам да көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе-Орал жолындағы оқиғадан тағы бір адам қайтыс болды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылынан 5 шақырым қашықтықта 22 наурыз күні болған жол-көлік оқиғасынан 1994 жылғы ер адам жедел жәрдем жеткенше, көз жұмған.

Сағат 06:22-де екі ер адам Сырым аудандық ауруханасына жеткізілді. 1993 жылғы ер адам алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтты. Жеңіл көлікте болған 1993 және 1994 жылғы жігіттер — тәжікстандық азаматтар.

— Облыс орталығынан шақыртылған санавиациямен 1963 жылғы ер адам (автобус жүргізушісі) қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Түркістан облысының тұрғыны бүгін таңғы сағат 08:55-те о дүниелік болды, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.