БҚО-да жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт төрт күннен бері іздестіріліп жатыр.
Фото: Pexels
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұратын Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған.
«Бойы 175-180 см, арықша келген, қысқа қиылған шашы ақшыл. Аутизммен ауырады. Үстіне қара көйлек, көк шорты, аяғына көк кроссовка киген. Көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 телефонына қоңырау шалулары сұралады» деп хабарлады ведомстводан.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).