ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студенттің мүрдесі бір айдан кейін табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұстады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 21 жасар студенттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).