ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 09.30 шамасында Қаратөбе ауданы орталығы Қаратөбе ауылынан 7-8 шақырым жерден бұдан екі күн бұрын жоғалып кеткен әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушыл Нұрбол Нысановтың айтуынша, Қаратөбе ауданында екі адамның жоғалып кетуіне байланысты бүгін таңмен Оралдан құтқарушылар келіп, іске кіріскен болатын. Кинологтарды қосқанда, құрамында 5 адам бар топ қаршанасымен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғалған ер адам әлі іздестірілуде.
Еске сала кетейік, аталған қос тұрғын Қаратөбеге барамыз деп, аудан орталығынан 14 шақырым жердегі Үркіш қыстағынан 14 ақпан күні таңертең шығып кеткен. Олардың жоғалғаны жөнінде хабар кеше таңертең түскен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).