ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Теректі ауданы Подстепный ауылында тұратын Серік Нығметов 26 мамыр күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған болатын.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С.Нығметовті Орал-Желаев жолындағы блокпост маңында құлап жатқан жерінен полиция қызметкерлері көріп, жедел жәрдем мен әкімдікке қоңырау шалған. Содан кейін жедел жәрдем ауруханаға жеткізген.
«Иә, жолдасым табылып, ауруханадан үйге алып келдік. Оны іздеуге атсалысқан адамдардың бәріне алғыс айтамыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Нығметовтің зайыбы Гүлнәр Байғұттиева.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).