БҚО-да жол апаты 3 жасар баланың өмірін қиып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апаты жас баланың өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 4 қараша күні сағат 15.50-де Чапаев-Жаңақала жолының 118-шақырымында Жолқұдық ауылының тұсында болған.

35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21010» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан 65 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2108» автокөлігімен түйісуге жол берген.

Қос жүргізуші мен «ВАЗ-21010» автокөлігінде отырған екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Оған қоса «ВАЗ-21010» автокөлігінде болған 6 және 3 жасар балалар ауыр жарақат алды. 3 жасар бала алған жарақатынан Жаңақала аудандық ауруханасында көз жұмды.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.