БҚО-да жол апатынан бір адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Самара-Шымкент күре жолы бойында, Теректі ауданы Подстепный ауылынан бірер шақырым жерде шағын автобус пен «УАЗ» автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, оқиға орнынан сағат 10.38-де жедел жәрдем стансасына қоңырау түскен.
Бастапқы мәліметке қарағанда, 1975 жылғы ер азамат облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жетпей, көз жұмған. 
Жол-көлік оқиғасынан барлығы 12 адам зардап шексе, соның 8-і амбулаторлық ем алуға жіберілген. Үшеуі, 1962 жылғы әйел, 1955 жылғы ер адам және 1997 жылғы қыз қазір облыстық ауруханада жатыр. Соның ішінде соңғысы ес-түссіз күйде. Зардап шеккендердің барлығы да - БҚО тұрғындары. 
Қазіргі таңда оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.