ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент күре жолының 357-шақырымында, Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында кеше сағат 21.15 шамасында болған. «Лада Приора» автокөлігі «Ивеко» жүк көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Олардың екеуі де - 1984 және 1983 жылғы жас адамдар.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).