ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында Орал-Кирсанов жолының 55-шақырымында оңтүстік бағытта 1988 жылғы жүргізуші Лада-21901 автокөлігінің руліне ие бола алмай, соның салдарынан жолдан ұшып кеткен көлік аударылған.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1992 және 1997 жылғы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Ауыр жарақат алған жүргізуші Зеленов ауданы Дариян кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 189 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 41 адам қаза тауып, 228-і түрлі жарақат алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).