АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орал-Атырау жолы бойында автокөлік аударылып, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға қаладан шығаберістегі Свистун гора маңында орын алды.
Жедел жәрдемге шақырту сағат 05.46-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы үш минуттан кейін көлік аударылған жерге жетті. 1967 жылғы ер адам оқиға орнында мерт болды. Алдын ала мәлімет бойынша басынан жарақат алып, миы шайқалған 1967 жылғы әйел адам орташа жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, автокөлікте ерлі-зайыпты адамдар болған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).