ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан ауруханаға түскен төрт жасар ер бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, Жаңақала ауданы аумағында «Toyota Land Cruiser» автокөлігі аударылып, екі адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген еді.
Соның бірі 2015 жылғы ер бала жабық бас-ми жарақатын алып, миына зақым келген болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ауруханада жатқан бала бүгін таңертең көз жұмды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).