ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол бойында жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтеншежағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиғакеше сағат 19.13-те Теректі ауданы аумағында болған.
Орал-Ақсай жолының 58-шақырымында Lexus автокөлігі өртенді.
Өрт сағат 19.50-де сөндірілді. Оған №12 Өрт сөндіру бөлімінен 3 адам, 1техника жұмылдырылды.
Абырой болғанда, оқысоқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Айта кетерлігі, жылбасынан бері өңірде 41 жеңіл көлік өртенді.
Ескесала кетейік, БҚО-да үш автокөлік соқтығысып, 5 адам жарақат алғанболатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).