ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Батыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзғаны үшін 1800-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаяу жүргіншілер көбіне өтуге болмайтын жерден кесіп өтеді, тыйым салынған белгіге қарамайды, көліктің жақындап қалғанын аңдамайды.
Соңғы кезде жол оқиғаларының жиілеуі автокөліктердің көбеюіне де байланысты болып отыр.
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста 29 қазан - 2 қараша аралығында «Абай болыңыз, жүргінші!» атты кең ауқымды шара өткізілмек.
Айта кетейік, биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тапқан. 91 адам жарақат алды. Жүргіншілердің кінәсінен 4 оқиға тіркеліп, 4 адам түрлі жарақат алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).