ОРАЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ІІД жол полициясы басқармасы мен БҚО бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департамент бірлесіп 10-27 қараша аралығында рейдтік шаралар жүргізді.
БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, аталмыш шара мақсаты жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды төлеуден жалтарған адамдарды анықтау болатын. Осы кезеңде сондай 233 факті белгілі болып, алынған шаралар нәтижесінде жүргізушілер айыппұлдарын төледі. Барлығы 1690416 теңге өндіріліп алынды.
Сонымен қатар 15 қараша күні Қ.Қазиев айдаған ГАЗ-322131 автокөлігі аталмыш департамент қаулысына сәйкес тұтқынға алынып, арнайы тұраққа қойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).