ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жолаушылар кішкентай баламен бірге қар құрсауында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 23 ақпан күні Орал-Саратов жолы маңы, Бәйтерек ауданы Зеленый ауылы тұсында болды.
Сағат 14.52-де «Ниссан» автокөлігінің қар құрсауында кептеліп қалғаны жөнінде хабар түсті.
Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар 4 адамды жылыту пунктіне жеткізді, олардың біреуі – кішкентай бала.
Жолаушылар қар құрсауында үш сағаттай тұрып қалғанын айтып, құтқарушыларға алғысын білдірді.
Сондай-ақ сағат 13.37-де Орал қаласы Ветелки ауылы тұсында жедел жәрдем көлігінің қар құрсауында қалғаны жөнінде мәлімет түсті.
Құтқарушылар көлікті қар құрсауынан шығарды. Адамдарды эвакуациялау кезінде жауынгерлік киімнің белбеуін де пайдаланды. Соның нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да дадала қалып қойған автокөліктердің құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).